×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ресейдегі президент сайлауы: Кремль Путинмен ешкім бәсекелесе алмайтынын мәлімдеді

11.09.2023, 17:13
Ресейдегі президент сайлауы: Кремль Путинмен ешкім бәсекелесе алмайтынын мәлімдеді
drafter.ru

Бұл сұраққа Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Песков Путин сайлауға қатысу-қатыспауы туралы әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты.

 

"Бірақ президент өз кандидатурасын ұсынады деп топшылайтын болсақ, елімізде бұл кезеңде ешкім онымен бәсекеге түсе алмайтыны анық", – деді ол РБК басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетсек, Ресейде президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтеді.

2020 жылы Ресей Конституциясына түзетулер енгізілді. Түзетулер бойынша бір адам мемлекет басшысы қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды (бұрын "қатарынан екі мерзімнен артық" болған). Десе де, түзетулер Путин және мемлекетті оған дейін басқарғандардың президенттік мерзімін жойды.

Путин сайлауға қатысуына қатысты пікір білдірмесе де, саяси науқанға қатысу құқығы Ресейдегі жағдайды тұрақтандыратынын мәлімдеген. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Путиннің баспасөз хатшысы "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өліміне Ресей басшысының қатысы бар деген айыптауларға қатысты пікір білдірген.