Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі:
Бас прокуратура мәліметінше, көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).
“Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде. Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)”, – деп мәлім етті ведомство.
Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.