×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Өздерін надзирательдер сияқты ұстайды": тележүргізуші оқу-ағарту министрлігіне шүйлікті

12.09.2023, 08:58
Коллаж: Ulysmedia.kz

Тележүргізуші, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан көп ауысымды мектептер мәселесін шеше алмаған шенділерге шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекеттік мектептердегі мәселелерді шеше алмай жатып, баланың киімін әңгіме қылу біздің деңгейімізді көрсетеді. Егер біз мектептердегі білімнің сапасын, оқулықтардағы өрескел қателіктерді, мұғалімдердің деңгейін, сонымен қатар ең маңыздысы 2-3 ауысымды мектептердің көп екенін талқыласақ, қоғамымыздың дамуының белгісін байқауға болар еді. Мысалы, жақында Көкшетаудағы 2 ауысымды мектептегі жағдай біразын ойландырып тастады. Ал біздің министрлік пен әкімдік не істеді, директорды кінәлі қылып шығарды. Не ол директорды министрлік қорғамады, не кәсіподақ қорғамады”, – деп жазды ол желіде.

Оның сөзінше, барлық 2 ауысымды мектептерде осындай жағдай.

“Қазіргі таңда жағдайы бар көп ата-ананың балаларын жекеменшік мектепке беруі министрлікті неге ойландырмайтыны қызық… Оларда жүйелі шешім де жоқ, министрдің деңгейі баяғыдан түсінікті еді. Тіпті ашық сұхбатқа шыға алмайды, осы сұрақ бойынша, себебі айтар сөзі жоқ. Оған ең бастысы балалардың киімін ақпараттық дауға айналдырып жіберсе болды. Бұлай ойнауға болмайды, арты жақсылыққа апармайды. Егер мемлекеттік мектеп өзін түрме, ал ішіндегі адамдар өздерін надзирательдер сияқты ұстаса, жекеменшік мектептерге деген сұраныс арта береді. Ал біздің министрлік уақытын жоғалтып жатыр… Ұят!”, – дейді Ерболат Мұхамеджан.

Еске салайық, жуырда Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының дәлізінде оқушылар кептеліп, бірін-бірі таптап кете жаздаған. Желіде тараған видеодан балалардың еденде құлап, айқайлап жатқанын көруге болады.

Көп ұзамай сол мектепке Ақмола облысының су жаңа әкімі Марат Ахметжанов барды. Шенеуніктің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көпшілік экс-министрді «популизммен айналысып жүр» деп сынға алды.

Серіктес жаңалықтары