×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Тәжікстан Қазақстаннан ескі көліктерді әкелуге тыйым салады

12.09.2023, 16:27
фото: ашық дереккөзден

Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерінің, оның ішінде Қазақстаннан көлік әкелуге тыйым салмақ, деп деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстандық стандарттау және метрология институты (ҚазСтандарт) мәлім етті.

Шектеулер 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.

«Тәжікстан ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі болатын ескі автомобильдерді әкелудің алдын алуға, сондай-ақ ескі автомобильдерден қалдықтар (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санын едәуір арттыруға бағытталған Жарлық дайындады», - деп хабарлады ҚазСтандартта.

Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары