×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Польша Беларусьпен шекарасына 10 мың әскер шоғырландырды

12.09.2023, 17:14
fondsk.ru

Польша ішкі істер министрінің орынбасары Мацей Вонсик поляк-беларусь шекарасында 10 мың сарбаз шоғырландырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

"Біз шекараны өте қатты нығайттық және біз салған мықты тосқауыл және периметрді жабдықтаудан басқа, ол жерде 10 мың сарбаз бар", - деді Вонсик.

Оның сөзінше, сарбаздардың 6 мыңы лагерьде, ал 4 мыңы тікелей шекарада. Сонымен қатар ел аумағын 5 мың шекарашы мен мыңға жуық полиция қызметкері күзетуде.

Вонсик сонымен қатар поляк-беларусь шекарасында жағдай тынышталғанын атап өтті. Бірақ оның сөзінше, бұл ешқандай қауіп жоқ дегенді білдірмейді. 

Айта кетейік, бұдан бұрын ҰҚШҰ оқу-жаттығуына қатысу үшін Қазақстан қарулы күштердің 11 әскери қызметшісі Беларуське барған.

Серіктес жаңалықтары