×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Тоқаев ЕАЭО мүшелерін Азия елдерімен еркін сауда жасауға шақырды

14.10.2021, 17:00
Фото: Ашық дереккөздерден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге RCEP ұйымымен ынтымақтасуды ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Жаңа сауда бірлестіктерімен жұмыс бастау керек. Жан-жақты аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымымен жұмыс істеудің маңызы зор. Қысқаша айтқанда, ЖАЭЫ (Regional Comprehensive Economic Partnership – RCEP). Естеріңізге сала кетейін, ЖАЭЫ құру туралы келісімге 2020 жылдың 15 қарашасында Ханойда қол қойылған еді. Ол + еркін сауда аумағын қарастырады. + деген бұл ұйымның басқа мемлекеттермен серіктестікке ашық екенін білдіреді. Бұл – 10 мемлекетті, Брунейді, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Тайланд, Филиппинді қамтиды. Одан бөлек Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қауымдастығымен еркін сауда туралы келісімі бар бес мемлекет бар. Ол: Австралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы және Жапония», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша бұл ретте оң нәтижеге қол жеткізерлік алғышарттар бар. Себебі еркін сауда туралы келісім Сингапурмен және Вьетнаммен жасалып қойған.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Нұр-Сұлтанда өткен «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда мемлекет басшыларының Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында экономикалық одақтың климат туралы мәлімдеме қабылдауы жоспарланғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары