×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мектеп психологтары: сәннің жетегіне еру ме, әлде буллинг мәселесінің шешімі ме

13.09.2023, 15:23
фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігінің шенеуніктері мектеп психологтарының буллинг пен кикілжіңдерден неге құтқармайтынын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жағдай күн өткен сайын күрделеніп барады. Оқу орындарының штатында психологтардың болуына қарамастан, мектептегі буллинг туралы жаға ұстатарлық жаңалықтарға тоқтау болмай тұр.

2000 оқушы үшін – 200 мың теңге

Осы мәселені шешуге тартылуы тиіс психолог мамандардың жалақысы туралы сөз болғанда  вице-министр Еділ Оспан олардың айына небәрі 200 мың теңге алатынын хабарлады. Тіпті, бір психологтың бақылауында 2000-ға дейін оқушы болған күннің өзінде олардың еңбекақысы осындай мардымсыз күйде қалып отыр.

- Бүгінде психологтар шамамен 200 мың теңге алады, біз оған психологиялық сағаттарды қосамыз – олар осы сағаттар үшін қосымша ақы алатын болады. Психологтардың жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұр", - деп түсіндірді Оспан.

Вице-министр психологтардың жалақысы неліктен мұғалімнің айлығынан екі есе аз екенін түсіндірмеді. Сонымен қатар бейінді министрлік неге ай сайын немесе жыл сайын қанша бала мектеп психологтарына жүгінетіні туралы статистика жүргізбейтіні түсініксіз.

Диспетчерлік психологтар

Вице-министр ведомство мәселені қалай шешетінін және мектеп психологтарына қандай функцияларды беруді жоспарлап отырғанын айтты.

- Егер психолог баланың қолайсыз отбасында тұратынын, анасына медициналық көмек қажет екенін білсе, онда ол тиісті жолдама жазып береді.  Денсаулық сақтау органдары онымен айналысады.

Немесе, мысалы, егер әкесі жұмыссыз қалса, онда психолог сигналды тиісті әлеуметтік қорғау органына жіберіп, ол осы фактіні ескеруі керек. Біз мектеп психологтары осындай алгоритммен жұмыс істеуі керек деп ойлаймыз, - деді Оспан.

Мектеп оқушылары мен педагог-психологтар инновацияларға қалай қарайтыны, жаңа жүктемелердің арқасында жалақының қаншалықты өсетіні әлі белгісіз.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында буллингке ұшыраған 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Серіктес жаңалықтары