×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

"Ұят, масқара": қазақстандықтар стадионда тегін үлестірілген туларды сайттарда сата бастады

14.09.2023, 08:22
KazFootball

Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен азаматтардың хабарландыру сайттарында Қазақстан туын сата бастағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Нұрлан Қоянбаев (әзілкеш – ред.) біздің құраманы қолдау үшін 20 000 ту сатып алды. Сол туларды екінші ойында таппай қалдық! Кейбіреулер оларды ақшаға сату үшін 6-7-еуден алып кеткен", – деді Мәулен.

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтардың мұндай әрекетіне наразылық білдірді.

"Қазақстанда ештеңені тегін бермеген дұрыс"

"Ұят, масқара"

"Адамдар есінен адасқан", – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін футбол жанкүйерлері Қазақстан құрамасының матчында төбелескен болатын

Серіктес жаңалықтары