Тайвньнің оңтүстігіндегі Гаосюн қаласында 13 этажды ғимараттан өрт шығып, салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
France 24-тің мәліметінше, қаза болғандардың көбі 7-11 қабаттарда. Бұл қабаттарда пәтерлер орнналасқан. Ғимараттың алғашқы бес қабаты сауда-саттыққа арналған, бірақ ол қабаттарда әлі ешкім жұмысын бастамаған.
Жергілікті билік өрт сөндірушілер келгенше өрт бірнеше қабатқа жайылып үлгергенін айтты. Өртті сөндіруге 4 сағаттан астам уақыт кетті. Сондай-ақ, 70 өрт сөндіру техникасы болды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.