×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстанда 3 қала мен 42 аудан әкімдерінің сайлауы өтетін күн белгіленді

14.09.2023, 15:13
gov.kz

Қазақстанда 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізімін бекітті, оның ішінде үш қала мен 42 аудан бар», - деді Нұрлан Әбдіров.

Кандидаттарды тіркеу 15 қыркүйекте басталып, сайлаудың өзіне 25 күн қалғанда – 10 қазанда аяқталады.

Сайлау науқанының негізгі мерзімінде кандидаттарды ұсынуға 20 күн, кандидаттарды тіркеуге 25 күн қарастырылған. Кандидаттарды тіркегеннен кейін бірден сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады, ол 24 күнге созылады.

Кандидаттарды ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары