×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанда қанша көлік бар

15.09.2023, 17:14
inbusiness.kz

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 миллионнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілдеде елімізде 169,3 мың автокөлік тіркелген. Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 1,8 есе көп.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 15 200 көлік тіркелген. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі, 2,1%-ы автобустар.

Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті. Қазақстанда ең көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ (45,1%) жеңіл автомобильдер болса, ең азы қозғалтқыш көлемі 4000 см³ (1,9%) жоғары автомобильдер.

"Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында: 223 мың бірлік. Сонымен қатар Алматыда 200,7 мың, Астанада 153,7 мың, Қарағанды ​​облысында 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында 137,4 мың автомобиль бар", - делінген статистика мәліметтерінде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда сауда брокерлері мен кәсіпкерлер дабыл қақты: олардың айтуынша, бір жылдан бері қазақстандықтар автокөлік сатып алып, шетелдің қазынасын қампайтын келеді. Мұның бәрі мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған кедендік бағалау құнының жоғарылауынан.

Серіктес жаңалықтары