Социал-демократиялық партия атынан канцлер болуға үмітті Олаф Шольц Германияда жаңа үкімет Рождествоға дейін құрылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Tagesspiegel-дің мәліметінше, Шольц бұл туралы Вашингтонда журналистерге айтты.
«Келіссөздер өте жақсы және сындарлы атмосферада өтуде», - дейді Шольц.
Қазіргі уақытта ол қаржы министрі лауазымында.
Еркін демократиялық партия бұған дейін үш партия ықтимал коалиция туралы алдын ала келіссөздерді осы аптада аяқтайтынын айтқан болатын.