×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Батысқазақстандық полицейге шетелдік азамат пара бермек болған

16.09.2023, 16:50
Ашық дереккөз

Шетелдік азамат жол-патрульдік полиция батальонының инспекторына 12 мың теңге бермек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz “Мой город” басылымына сілтеме жасап.

БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жол-патрульдік батальонның инспекторы Конкин көшесінде көлікті шамадан тыс жүк тиегені үшін тоқтатқан.

Белгілі болғандай, жүргізуші Өзбекстан азаматы болып шықты. Полицей оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 593-бабы «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезіндегі талаптарды орындамау» бойынша хаттама жасау үшін патрульдік автокөлікке шақырған. Осыған қарамастан шетелдік азамат патруль көлігіне 12 мың теңге салып кеткен. Полиция қызметкері көліктен түсіп, 102-ге хабарласқан.

“Өзбекстан азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы «Пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол жерден кетпеу туралы қолхат алды», - деп түсіндірді департаменттегілер.

Батыс Қазақстанда биылдың өзінде екі рет полицейлерге пара беру әрекеті орын алған.

Оралда полицейлер мен көлік инспекторлары пара алғаны үшін сотталды

Серіктес жаңалықтары