×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстандық теннисші Солтүстік Македонияда өткен турнирде жеңіске жетті

17.09.2023, 13:14
Ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен оның литвалық серіктесі Юстина Микульските Солтүстік Македонияның Скопье қаласында өткен жұптық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар финалда жапондық Рина Сайго мен Юкина Сайго дуэтімен кездесіп, екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық теннисші мен оның серіктесіне ITF турнирінде титулды жеңіп алуға мүмкіндік берді. Айта кету керек, олар жеребеде бірінші нөмірді алып, жарыстың басты фавориттері болды. Скопьедегі бұл турнирдің жүлде қоры 40 000 долларды құрады.

Турнир басталар алдында Жібек Құламбаева жұптық сайыста 156-орынға тұрақтады және бұл жеңіс оның мансабындағы ең үздік жетістігі болды.

Серіктес жаңалықтары