Қазір Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы ЖЭО-ны қайта құру бойынша күрделі жұмыстар, сондай-ақ жылу желілерін жаңғырту шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінді. Жылу желілерін жөндеуге тағы 1,1 млрд теңге қаралды. Сонымен қатар өндірістік процестерде пайдаланылатын инфрақұрылымды жөндеуге жергілікті бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
Риддер ЖЭО-да іске қосу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. №1, 2 және 3 қазандық агрегаттарында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ қазандықтар кейіннен шаю үшін сумен толтырылғаны атап өтілді.
Бұл іс-шаралар энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және Риддер қаласы мен облыстағы жылумен жабдықтаудың тиімдірек жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін Риддердегі жылу электр орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған.