×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Киевте қару-жарақ өндірісі бойынша халықаралық форум өтеді

17.09.2023, 15:56
Unsplash

Биыл күзде Украинада өтетін халықаралық қорғаныс өнеркәсібі форумына 20-дан астам елден 86 компания қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Іс-шараның мақсаты: Украинада қару-жарақ пен оқ-дәрілер өндірісін құру, оны «басқыншылықтың кез келген түрінен сенімді қорғау» үшін заманауи технологиялармен қамтамасыз ету.

"Біз қару-жарақ беріп, бірден жаңаларына тапсырыс береміз. Бұл үдерісте теңгерім жоқ. Мен саланың жетекші ойыншыларын, үкіметтерді бұл мәселені белсенді талқылауға шақырамын, өйткені оның өзектілігін түсіну қажет", – дейді НАТО Әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр.

Елде қару-жарақ жеткізу және өндіру тақырыбы өзекті бола түсуде, өйткені төрт айдан бері жалғасып келе жатқан Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы орасан зор оқ-дәріні қажет етеді.

Сенбі күні НАТО Әскери комитетінің басшысы адмирал Роб Бауэр Украинаға әскери көмекке жіберілетін қару-жарақ көлемі альянстың «өндірістік мүмкіндіктерінен асып түсетінін» айтты. Адмирал НАТО-ға мүше көптеген елдердің әскери өнеркәсібі ауқымы жағынан үлкен емес екенін атап өтті. Олар Киевке көмектесу қажеттілігін теңестіруге және өз қорғанысының тиімділігін сақтауға мәжбүр.

“Бірақ бұл Украинаға жеткізілімдерді шектеуге немесе толығымен тоқтатуға себеп емес”, - деп атап өтті НАТО әскери комитетінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары