×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Алматыда «Еңбек» бағдарламасына бөлінген 370 млн теңге ұрланған

18.09.2023, 08:42
tengrinews.kz

Алматыда «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

Еске салайық, жуырда Тоқаев бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізуді тапсырған.

 

Серіктес жаңалықтары