×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Риддердегі жылу электр орталығының меншік иесі ауысты

18.09.2023, 13:46
фото: ашық дереккөзден

Риддердегі жылу электр орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын меншігіне өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.

«Бүгінгі таңдағы басты жаңалықтардың бірі - «Риддер ЖЭО» АҚ қалалық әкімдікке қарасты «Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға ауысты. Алдағы уақытта орталықты мемлекеттік меншікке беру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл жұмыс шамамен 2 айға созылады. Жөндеу жұмыстарынан басқа, қажетті мамандар жұмысқа қабылданып жатыр», - деді аймақ басшысы.

Әкімдік мәліметінше, Риддер жылу электр орталығының қысқа дайындығы - 80 пайыз. Жөндеу жұмыстары аяқталған үш қазандықта гидравликалық сынақ басталады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Риддер ЖЭО аманаттық депутат Әміржан Нәбиевтің меншігіне өткені хабарланған. Ол нысанның барлық қарыздарын өз қаражаты есебінен жабуға уәде берген болатын.

Серіктес жаңалықтары