×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Түркістанда шаруа қожалығының басшысы шетелдікті 5 жыл құлдықта ұстаған

18.09.2023, 14:11
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан азаматы Түркістан облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде 5 жылдан аса уақыт құлдықта болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Ер адамның төлқұжатын алып, 2017 жылдан бері мал бағуға мәжбүрлеген. Жәбірленуші мал қорада тұрған. Жұмыс істемеймін деп қарсылық көрсеткенде оған физикалық және психологиялық қысым жасалған», - дейді ІІМ өкілі.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 53 жастағы жәбірленушіні заңсыз еңбекке мәжбүрлеген екі азамат ұсталды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында шаруа қожалығының басшысы адамдарды құлдықта ұстағаны анықталған.

Серіктес жаңалықтары