×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қазпошта» 163 млн теңгені тиімсіз жұмсады

15.10.2021, 00:58
«Қазпошта» 163 млн теңгені тиімсіз жұмсады
Фото: ашық дереккөз

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кезекті отырысында «Қазпочта» АҚ активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындысы қаралды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Есеп комитетінің ресми сайтына жарияланғандай, Отырысқа бейнеконференциябайланысы режимінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Қазпочта» АҚ-ның өкілдері қатысты.

«Қазпочта» АҚ ұлттық пошта операторы және ҚР-да тағайындалған оператор болып саналады. 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге жүргізілген аудит қорытындылары бойынша бірқатар анықталған проблемалар бар.

Атап айтқанда, «Қазпочта» АҚ қызметтің түйінді стратегиялық көрсеткіштерін орындамаған.

Сондай-ақ, соңғы 3 жылда «Қазпочта» АҚ Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісінде жүйелі түрде төмен түсуде (2017 жылы - 46 орын, 2018 жылы – 49 орын, 2019 жылы – 52 орын). «Қазпочта» АҚ-ның рейтингтегі төмендеу қарқынын ескере отырып, Дүниежүзілік пошта одағының нұсқасы бойынша 20 жетекші пошта компанияларының қатарына кіру қойылған мақсатына қол жеткізе алмау тәуекелі бар.

2017 жылдан бастап «Қазпочта» АҚ-ның ауылдық жерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуден болған шығындары субсидиялануда.