×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Азық-түлік корпорациясы өңірлік филиалдарының басшылары ұсталды

18.09.2023, 15:18
Фото: Ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Азық-түлік келісім-шарттық корпорациясы ұлттық компаниясы қызметін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеру барысында Продкорпорация өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынышты ұйымдарының бірқатар басшыларының жемқорлығы әшкереленген. Антикордың хабарлауынша, астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілерінің қылмысы ашылған.

«Жасалған қылмысты жасыру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның серіктестері пара беруге әрекет жасағандар әшкереленді. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды агенттік.

Сонымен қатар Астана қаласында қаржы департаментінің директоры мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталған. Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді. Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары