×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Энергетикалық компаниялар миллиардтаған қарызын өтей алмай жатыр

19.09.2023, 10:42
фото: ашық дереккөзден

Энергетикалық компаниялар ҚазТрансГаз-Аймақ пен Богатырь-Көмір алдындағы берешектерін өтей алмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы үкімет отырысында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлім етті. Оның сөзінше, энергоұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегі үлкен проблемаға айналған.

Мәселен, олардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешегі 15 млрд 254 млн теңгеге жеткен. Ал «Богатырь-Көмір» ЖШС алдындағы берешегі 7 млрд 535 млн теңгені құрайды.

“Энергетикалық кәсіпорындарға берешекті өтеуді жеделдету қажет”, - дейді вице-министр.

Айта кетейік, энергия өндіруші ұйымдардың жеткізілген газ үшін қарызы көп екені бұдан бұрын да айтылған

Үкімет мәліметінше, МАЭК-тің қарызы ең көбі – 10 млрд теңге, одан кейін Жайықжылуэнерго, Ақтөбе ЖЭО-сы, Өзен Жылу және Таразэнергоорталық тұр. Сондай-ақ ЖЭО-лардың «Богатырь-Көмір» компаниясына көмір үшін 6,4 млрд теңге сома берешегі бар. Оның ішінде Павлодарэнергоның қарызы ең көбі – 2,6 млрд теңге, Севказэнерго – 1,4 млрд теңге және Екібастұзжылуэнерго – 1,3 млрд теңге. 

Серіктес жаңалықтары