×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Орта санаттағы азаматтарға қатысы жоқ": Қуантыров халықтың салық жүктемесінің артуы жайлы

19.09.2023, 13:43
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық экономика министрі Қазақстанда қымбат арақ-шарапқа салынатын салық көлемі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстандықтардың меншігінде жеке яхта, ұшақ, қымбат көліктер жайлы мәліметті жариялап отырмыз. Сән-салтанат салығы да осы санатқа салынады. Бұл салық қымбат арақ-шарапқа да қолданылады. Біз оның мөлшерін 1000 есе көтереміз», - дейді Әлібек Қуантыров.

Министр 10 жыл сақталған Macallan шарабын мысалға келтірді.

«Оның құны - 7 млн теңге. Қазіргі акцизі - 700 теңге. Біз ол акцизді 10 есе көтеріп, өз құнының 10 пайызын салығына қосамыз», - деді ол.

Қуантыров сән-салтанат салығы халықтың ішінде үлесі аз белгілі бір таптағы адамдарға ғана салынатынын атап өтті.

Ал қарапайым қазақстандықтар төлейтін салық түрлері өзгермейді дейді министр.

«Жеке тұлғалар үшін тосын ештеңе болмайды. Салық жүктемесі сол күйінде қалады деген доспар бар. Мысалы, 2000 жылдары әлеуметтік салық жүктемесі 29% деңгейінде болса, қазір 9%. Айлыққа салынатын жеке табыс салығы қайта қаралып жатыр», - деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, ол пассивті табыс салығына прогрессивті шкала қалай қолданылатынн түсіндірді.

«Бірақ біз жеке табыс салығын саралауымыз мүмкін. Яғни, акциялар мен облигациялар, басқа да құнды қағаздар сияқты пассивті табыстың салығы көлеміне қарай өсіп отырады. Пассивті табыстың құны неғұрлым жоғары болса, салығы да жоғары болады. Мысалы, пассивті табыс құны 100-150 млн теңгеден артса, салық мөлшері 15% болады. 200 млн теңгеден жоғары болса, 20% деген сияқты. Яғни, мұның орта санаттағы азаматтарға қатысы жоқ», - деді ол үкімет отырысынан кейін.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттық экономика министрі жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша сән-салтанат салығын кімдер төлейтінін түсіндірген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың меншігінде яхталар туралы мәлімет берілген.

Серіктес жаңалықтары