×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Астық экспорты: Қазақстанға нарықты жоғалтып алу қаупі төніп тұр

19.09.2023, 17:41
Фото: Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, ауа райының қолайсыздығы Қазақстан диқандарына үлкен соққы болайын деп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Былтыр бүкіл астықты қосқанда шамамен күнтізбелік жылға 13 млн тонна астық пен ұн шет елдерге жөнелтілген. Биыл, әрине, өнім төмен болғаннан кейін азаяды. Қаншалықты азаятынын егін жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін айтуға болады», - деді Тамабек мәжіліс кулуарында.

Шенеуніктің айтуынша, былтыр 20 қыркүйекке дейін 11,6 млн тонна астық жиналса, биыл тек 6,6 млн тонна ғана жиналған. Себебі егін даласының 40% (былтыр осы уақытта 73% орылып қойған) ғана орылған.

«Комиссиялар жұмысын толық аяқтасын. Өніп кеткен өнім 2,7 млн гектардан да көп болуы мүмкін», - дейді ол.

Вице-министр осыған байланысты Қазақстанға нарықты жоғалтып алу қаупі төніп тұрғанын атап өтті.

«Біздің тарихи астық жөнелтілетін Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан сияқты өңірлер бар. Арғы жағында Иран бар. Қазір Қытайды бастадық. Осыларды жоғалтып алу қаупі бар. Бос нарыққа Ресей 100 млн тонна астық бере аламыз деп кіргелі отыр. Осындай мәселелер бар, сондықтан алдын-ала ештеңе айта алмаймыз», - дейді Тамабек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмен екенін мәлімдеген еді. Министрдің сөзінше, күз басында 3 аптадан аса жауған жауын диқандарға кесірін тигізген.

Серіктес жаңалықтары