×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Бурабайда 285 млн теңгенің жайылымдары мемлекетке қайтарылды

20.09.2023, 09:31
фото: ашық дереккөзден

Бурабайда жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Талдау нәтижелері бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген Ақмола облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылымдар қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Осылайша, аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50%-ға қысқарды.

Айта кетейік, бұдан бұрын жайылым жетіспеушілігі мәселелері бойынша жалпы ауданы 32,3 мың га жер учаскесі мемлекетке қайтарылғаны хабарланған.

  

Серіктес жаңалықтары