×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Ақтауда қомақты айыппұл арқалаған Ізбергеновтің орнына жаңа әкім тағайындалды

20.09.2023, 15:10
gov.kz

Қызметінен өз еркімен кеткен Ербол Ізбергеновтің орнына Ақтау қаласының әкімі лауазымына Ұлықбек Тналиев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлықбек Тналиев Атырау мұнай және газ институтының бакалавриатын "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығы бойынша бітірген, "Техника ғылымдары" магистрі, сондай-ақ "Экономика және бизнес"магистрі академиялық дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылдан 2022 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

Еске салайық, заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін Ақтау қаласының экс-әкімі Ербол Ізбергеновке қомақты айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары