×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Республика күні: биыл мереке ұлттық нақышта тойланады

21.09.2023, 11:18
irbistv.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз жұмысын ұлттық құндылықтарды насихаттауға қарай бұрмақ. Бұл ретте басқарма жанынан дін мен дәстүр бөлімі құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басқарма ұлттық мереке – Республика күніне орай бірқатар ұлттық дәстүрді насихаттайтын шаралар ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Атап айтқанда, Орталық мешіт ауласында киіз үйлер тігіп, ұлттық ойындар ұйымдастырылмақ. Балаларға арнап батут пен ойын әткеншектері қойылып, бүлдіршіндерге "Балаларға базарлық" тәттілерін мешіт алаңында таратылып, ұлттық нақышта қайырымдылық жәрмеңкелері өткізіледі. 

"Ұлттық мерекеміз Республика күніне орай арнайы мерекелік ролик әзірлеп, мешіттер ауласында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қолөнер өнімдері, каллиграфия көрмелерін жасау, мешіттер ауласында, саябақтарда жамағаттың көмегімен сенбілік жасау, еріктілердің көмегімен қарт кісілерге азық-түлік себеттерін үлестіруді тапсырамын. Ең үлкен шарамыз – Бас мешітте "Республика күніне орай Құран Кәрімді жатқа оқудан І Халықаралық байқау" өткізуді жоспарлап отырмыз", – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салайық, алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды. 

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. 

Серіктес жаңалықтары