×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандық шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салынуы мүмкін бе

21.09.2023, 16:28
Қазақстандық шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салынуы мүмкін бе
фото: ашық дереккөзден

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елімізде етек жайып келе жатқан лудомания мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер вице-министрден құмар ойындарға байланысты болып жатқан қайғылы оқиғалар туралы не ойлайтынын және Қазақстан шенеуніктеріне бәс тігуге тыйым салуға бола ма деп сұрады.

"Ауру асқынды, қоғамда өте қызу талқыланып жатыр. Құмар ойындардың кесірінен суицид, несиеге кіру және қылмыс жасау сияқты фактілер көбейді. Букмекерлік кеңселер кеше пайда болған жоқ, бірақ мәселе бүгін асқынды. Менің ойымша, қиындықтардың бірі – әскери қызметшілердің ойнай бастауы. Жеке өзім шенеуніктердің ойнауына тыйым салуға қарсы емеспін. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Адамдардың белгілі бір шеңберіне қатысты кез келген шектеулер қоғаммен ақылдаса отырып талқылануы және қабылдануы керек. Ол үшін дөңгелек үстелдер өткізіледі. Бізге тыйым салу түріндегі шара қажет пе, жоқ па, соны түсінуіміз керек. Мен ойын бизнесіне мүлдем тыйым салынған елдерді білемін. Бірақ тек шенеуніктерге тыйым салынуы жайлы естімедім",- деді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдар саны шамамен 36 мыңға жеткен.

Бұдан бұрын президент Тоқаев Қазақстанда құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған.