Бас прокуратура бұрынғы ЭКСПО көрме кешенінің аумағында құрылыс нормаларының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбековтың айтуынша, тексеру әлі аяқталған жоқ.
"Сондықтан мен түсініктеме бере алмаймын, бірақ бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижелері әлі жарияланған жоқ, сондықтан мен әлі аяқталған жоқ деп есептеймін", – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтті. Оны өткізуге республикалық бюджеттен $2,1 млрд бөлінді.