×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Путиннің Қостанайға ықтимал сапары кімнің қалтасын қампайтты

22.09.2023, 10:33
Коллаж: Ulysmedia.kz

Биыл Қостанайда Владимир Путиннің келуі жоспарланған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара маңы ынтымақтастығының XIX өңіраралық форумын өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірнеше ай бұрын жергілікті тұрғындар Путиннің келуіне жергілікті биліктің бюджет қаражатын аямай, барынша мұқият дайындалып жатқанына назар аударды. Алайда билік үкіметтің резервінен тек инфрақұрылымды жақсарту үшін ақша бөлінгенін айтады.

Есептеулерге сүйенсек, Қостанайдың инфрақұрылымын дамытуға қазірдің өзінде 13 млрд теңге жұмсалған. Үш мемлекеттік сатып алу ҚР Президентінің және "өзге де күзетілетін тұлғалардың" қызметі үшін деп көрсетілген.

Бұл субұрқақтарды реконструкциялауға (280 млн теңге), көгалдандыруға және ағаштарға "күтім жасау жұмыстарына" (595 млн теңге), мәрмәр үгінділерінен жасалған орындықтар мен жәшіктерді орнатуға (180 млн теңге) тапсырыс, деп жазады журналист Дмитрий Шишкиннің редакциясы.

"Ең көп қаражат жергілікті триатлон паркін қайта құруға және мәртебелі қонақтарды қарсы алу жоспарланып отырған Smart-орталық ғимаратын салуға жұмсалды. Smart-орталық бір жылдан аз уақыт ішінде бой көтерді, ал оның құрылысына қаражаттың бір бөлігі үкіметтің резервінен алынды", - делінген басылымда.

2022 жылы орталық жоғары аудиторлық палата көзқарасы бойынша проблемалы нысандар санатына енді.

"Жағдайды  толығымен бағамдау үшін біз Владимир Путиннің Қостанайға гипотетикалық келуінен ең көп табыс тапқан компаниялардың рейтингін жасадық және олардың құрылтайшылары кім екенін анықтадық", - деп жазады журналист.

"BIGlobal" ЖШС

10,7 млрд теңге

Жұмыс түрі: Smart-орталықтың құрылысы (болашақ оқушылар сарайы)

Жетекшісі: Диас Әділханов

Құрылтайшы: BI Group холдингінің құрамына кіретін "BI Construction & Engineering" ЖШС. Оның акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы – Айдын Рахымбаев.

Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ақпараты бойынша жобаның жалпы құны 11,3 млрд теңгені құрайды. "BIGlobal" ЖШС-мен шарт 10,7 млрд теңгеге жасалды. Қаражат үкімет резервінен және жергілікті бюджеттен бөлінді.

"BIGlobal" ЖШС 2015 жылдан бастап 20,6 млрд теңгеге салық төледі. Adata.kz деректері бойынша, 2023 жылдың 17 сәуірінен бастап компанияның банктік шоттарына тыйым салынды.

"Golden City DS"ЖШС

1,5 млрд теңге

Жұмыс түрі: триатлон паркін қайта құру

Жетекшісі: Мейрам Сейсебай (2023 жылғы 4 қаңтарда тағайындалды)

Құрылтайшылар: Серік Қомшабаев пен Данияр Қаракұлов

Компания Талдықорғанда тіркелген. 2019 жылдан бастап салық түрінде 1,4 млрд теңге төледі, ең көбі 2022 жылы – 529 млн теңге.

"Golden City DS" ЖШС мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысады.  Adata.kz дерегінше, келісімшарттардың құны 37 млрд теңгені құрады, оның 21 млрд-тан астамы биыл жасалған.

"Конгломерат.KZ" ЖШС

595 млн теңге

Жұмыс түрі: көгалдандыру және ағаш күтімі

Басшы және құрылтайшы: Роман Канава

Adata.kz мәліметінше, компания 2013 жылдан бастап аумақтарды абаттандырумен және ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтарын жалға берумен айналысады.

2008 жылы Роман Канава 9 ай бойы Қостанай әкімдігінің ТКШ бөлімін басқарды, содан кейін өз бизнесін ашты.

"Конгломерат.KZ " 2021 жылы "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-ден келісімшарттар ала бастады. Келісімшарттардың жалпы сомасы – 3,2 млрд теңге.

2016 жылдан бастап ЖШС 452,4 млн теңге салық төледі.

"ГрадСтройСервис" ЖШС

343,3 млн теңге

Жұмыс түрі: инженерлік желілерді салу және Smart-орталықты абаттандыру

Басшы және құрылтайшы: Бақдәулет Жұматаев

Smart-орталығын құруға қатысқан тағы бір компания. 2023 жылдың наурызында ол инженерлік желілерді салу және нысанды абаттандыру бойынша тендерді жеңіп алды.

Компаниямен жалпы сомасы 108,1 млрд теңгеге 818 мемлекеттік келісімшарт жасалған. Оның 86,4 млрд теңгесі биылғы жұмыстар үшін төленген.

"Би Су" ЖШС

280 млн теңге

Жұмыс түрі: субұрқақтарды жаңғырту

Жетекшісі: Эдуард Петушко

Қүрылтайшылар: Эдуард Петушко, Вадим Пантелейков

"Би Су" ЖШС Рудный қаласында орналасқан, жеті жылдан астам азық-түлік емес тауарлардың көтерме саудасымен және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысады.

"Конгломерат.KZ" сияқты "Би Су" компаниясы да 2021 жылдан бастап мемлекеттік келісімшарттарды (көбіне бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы) ала бастады. Келісімшарттардың жалпы сомасы – 104,9 млн теңге.

2016 жылдан бастап "Би Су" 40 млн теңге салық төлеген.

"Таза Жол АТ" ЖШС

180 млн теңге

Жұмыс түрі: мәрмәр чипті орындықтар мен жәшіктерді орнату

Басшы және құрылтайшы: Тойжан Әйтенова

ЖШС Қостанайда тіркелген, 2015 жылдан бастап салық түрінде 1,9 млрд теңге төлеген.

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-мен мемлекеттік келісімшарттар жасасқан. Тендерлердің жалпы сома – 10,7 млрд теңге.

Бір жылдан астам уақыт бұрын бұл ЖШС-тің дауға ілікті, прокурорлар кәсіпорынның триатлон саябағында 14 579 ағашты заңсыз кесіп тастағанын анықтады. Экономикалық сотта Тойжан Әйтенова өзінің фирмасы ТКШ бөлімінің тапсырмасы бойынша жұмыс істегенін айтып, кінәсін мойындамады. Соған қарамастан, сот компанияны кесілген әрбір ағаштың орнына 20 жаңа ағаш отырғызуға міндеттеді.

Осы жылдың мамыр айында Қостанай әкімі триатлон паркінде жаңа ағаштар болмайтынын, өйткені оларға күтім көрсетілмейтінін айтты. Бірақ "Таза Жол АТ" ЖШС әлі де 24 млн теңгені өтеуге міндетті.

"АБЗ плюс" ЖШС

50 млн теңге

Жұмыс түрі: тротуарлар мен жиектерді жөндеу

Жетекшісі: Николай Лобанов

Құрылтайшы: Дина Лобанова

Кәсіпорын Қостанайда тіркелген. 2015 жылдан бастап 3,8 млрд теңге салық төлеген. Adata.kz дерегінше, ЖШС-тің көлігі, мүлкі және банктік шоттары бұғатталған.

Барлық мемлекеттік келісімшарттардың жалпы сомасы – 52 млрд теңге.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанай әкімдігі Путиннің келуіне наразылық білдірмек болған белсендіге қоқан-лоқы көрсеткені хабарланған.

Ресей президенті әкімшілігі осы күзде Путиннің Қостанайда өткен өңіраралық форумға қатысатыны туралы ақпаратты әлі растаған жоқ. Бұл туралы бұған дейін Қазақстан СІМ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары