×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Антитеррористік операция: Әзербайжанда Ресейдің 6 әскери қызметкері қаза болды

22.09.2023, 10:46
Антитеррористік операция: Әзербайжанда Ресейдің 6 әскери қызметкері қаза болды
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл ақпаратты Әзербайжанның Бас прокуратурасы таратты, деп жазады Ulysmedia.kz.

«2023 жылдың 20 қыркүйегінде Әзербайжанның Тертер ауданы Жаниятаг ауылының маңында антитеррористік іс-шараларды өткізу барысында Әзербайжан Қарулы күштерінің әскерилері Ресейдің бітімгерлік контингентінің әскери қызметкерлері орналасқан жерде автокөлікке оқ атқан. Әзербайжан әскерилері тұманды әрі жаңбырлы күні оны армян әскери құрылымымен шатастырған. Осының салдарынан Ресей бітімгерлері сапындағы 5 әскери қызметкері қаза тапты», - деп ақпарат таратты Әзербайжанның Бас прокуратурасы.

Құзырлы органның хабарлауынша, дәл сол күні аталған елдімекен аумағында заңсыз армян қарулы құрылымдарының мүшелері қарумен Ресей бітімгерлік әскеріне тиесілі «Камаз» көлігіне оқ жаудырған. Салдарынан РБӘ-нің бір әскери қызметкері өліп, екіншісі жарақат алған.

Екі факт бойынша Әзербайжанның Бас прокуратурасы қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Әзербайжанның бас прокуроры осы оқиға бойынша Ресейдің бас прокурорымен телефон арқылы сөйлесіп, бітімгерлердің өліміне байланысты көңіл айтқан. Тараптар істерді бірге тергеуге келісіп отыр.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Әзербайжан армиясы Таулы Қарабақта әскери операцияны бастады. Баку оны терроризмге қарсы іс-шара десе, Ереван «Қарабақ армяндарының геноциді» деп атады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде операцияның мақсаты – Әзербайжан әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақтағы Әзербайжанның конституциялық құрылымын қалпына келтіру екендігі айтылған.

Әзербайжан тарапы Қарабақ билігіне армян әскери техникасын толығымен қарусыздандыру және аймақтан шығару туралы шарттар қойды. 20 қыркүйек күні таңертең мойындалмаған армян әкімшілігі атысты тоқтатып, толық қаруын тапсыруға мәжбүр болды.