×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда ауыр жұмыс істегені үшін арнайы төлемдер кімдерге төленеді

22.09.2023, 15:34
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін 300 мың қазақстандықтың ішінде ондаған мың адамға ғана 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап арнайы төлемдер төленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, төлемдерден үмітті болу үшін кеншілер мен басқа да жұмысшылардың жасы 55 жастан төмен болмауы және ауыр еңбек жағдайларында кемі жеті жыл жұмыс істеуі қажет.

"Арнайы төлемдер бірнеше көздерден болады- бұл республикалық бюджет және сақтандыру компаниясының қаражаты. Төлем мөлшері әлі де пысықталуда, бірақ 85 мың теңгеден кем болмайды", - деді Сарбасов Еңбек күніне арналған форумда.

Ол сондай-ақ қазір 300 мың қазақстандық ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқанын, алайда төлем шарттарына бірнеше он мыңдаған азамат қана сай келетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еңбек министрлігіне кеншілер мен ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арнайы төлемдер мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары