×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Риддер әкімінің орынбасары интернетте қалай танымал болды

23.09.2023, 09:32
Скриншот

Риддер қаласы басшысының орынбасары Әсем Ағажаева Қазнеттің кезекті кейіпкері атанды. Видеохабарлама түсіру кезінде ол абайсызда камераға дөрекі сөздер айтып қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл оқиға Әсем Ағажаева туралы көптеген жағымсыз пікірлер жазып жүрген қазақстандық саяхатшы-блогер Дамир Көшеевтің Риддердегі кезекті видео-түсірілімі кезінде болды.

Шара барысында әкімнің орынбасары оның түсіргені сәтсіз болғанын түсініп, әдепсіз сөздермен түсірілімді тоқтатуға шешім қабылдайды.

Бейнежазба Қазнетте тез тарап кетті. Әкімдік басшылығы тарапынан қандай жауапкершілік қолданылатыны әзірге белгісіз, бірақ оқиғаның насырға шапқаны анық.

Әсем Ағажаева 1974 жылы 9 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен-Нарын ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Шығыс гуманитарлық институтын, 2012 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы бойынша бітірді. Ұзақ уақыт мұғалім, кейін мектеп директоры болып қызмет етті. 2021 жылы «Риддер қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқарды. Ал 2023 жылдың 26 ​​ақпанынан бастап Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, блогер бұған дейін жаңалықтар кейіпкеріне айналған болатын. Маусым айының басында Жетісу өңірінің тауларында жоғалып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері қысқаша іздестіруден кейін оны тапты.

Серіктес жаңалықтары