×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Діни алауыздық тудырған қостанайлық 7 жыл арқалады

23.09.2023, 12:22
Ашық дереккөз

Қостанай қаласының тұрғыны діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қостанайлық тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

“Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған”, – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары