×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Батыс Қазақстан облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

23.09.2023, 15:50
Ашық дереккөз

Исатай ауданында балық қырылып, оған не себеп болғанын анықтау үшін өңірге жұмыс тобы аттанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат агенттігі АқЖайыққа сілтеме жасап.

Бұл оқиғаны тексеруге жұмыс тобы жіберілген. Оның құрамына табиғатты қорғау департаменті, полиция бөлімі, ветеринария қызметі және жергілікті атқарушы органдардың мамандары кіреді. Экология департаментінің мамандары зертханалық талдау үшін су мен топырақ үлгілерін алды.

Алдын ала болжам бойынша, балықтың қырылуына Каспий теңізіндегі қатты желдің әсерінен теңіз суының жылжуы себеп болуы мүмкін. Қосымша ақпарат зерттеу аяқталғаннан кейін беріледі.

Бұған дейін еліміздің басқа өңірінде балықтардың жаппай қырылуы фактілері тіркелген.

Серіктес жаңалықтары