×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Алматыдан 357 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

24.09.2023, 09:45
Фото: Ашық дереккөз

2023 жылдың 24 қыркүйегіндегі есеп бойынша СОМЭ сейсмикалық стансалар желісінің мамандары Алматы қаласынан 357 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 07:15-те тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классификациясы бойынша оның магнитудасы 9,7, MPV шкаласы бойынша магнитудасы 4,2 болды. Жер сілкінісінің тереңдігі 15 шақырымды құрады.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап, алматылықтар әкім Ерболат Досаевқа көпқабатты үйлерді бұзуды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары