×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Азиада-2023: Қазақстандық спортшы Париж олимпиадасына жолдама алды

24.09.2023, 10:22
ТСМ

Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орынға ие болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен орын алды. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі - 1340 бал.

«Мен осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудың бір мақсаты – Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін», –  деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары