×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қоршау жоқ, мұғалімдер қарамаған: Астана мектебінде баспалдақтан құлаған оқушы комаға түсті

25.09.2023, 08:17
скриншот

Елордадағы №14 мектепте оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі мәлім етті. Оның сөзінше, жедел жәрдем ұзақ жеткен. Мектепте баспалдақтар қоршалмаған, ал қабаттар арасында орналасқан камералар жұмыс істемепті.

"Балаға Түркияда шұғыл ота жасау керек. Бас жарақатының кесірінен оның көзі көрмей бара жатыр", – деп жазды ол. 

Оқушыға ашық бас сүйек-ми жарақаты, торлы сүйектің сынуы, маңдай сүйегінің сынуы, пневмоцефалия, көз алмасының ісуі, периорбиталды ісу диагнозы қойылған.

Құқық қорғаушы емес ҚР ҚК-нің 141-бабы (Жас азаматтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) іс қозғап, жауаптыларды қатаң жазалау керегін айтты.

"Мектеп директоры жауапкершіліктен қашып, әкімшілік айыппұлға үміттенеді. Міндетіңізді дұрыс атқармағандықтан денсаулыққа ауыр зиян келді. #НеМолчиKz қоры жедел түрде №14 мектеп директоры мен білім беру департаменті отаның құнын, материалдық және моральдық өтемақы төлеуді талап етеді", – деді Дина Таңсәрі.

Серіктес жаңалықтары