×
448.81
476.82
4.77
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.81
476.82
4.77

Ұлытауда ИГИЛ содыры сотталды

25.09.2023, 10:43
фото: ашық дереккөзден

Ұлытау облысында жергілікті тұрғындарға қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс тергелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты тұрғынды осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

“Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанай қаласының тұрғыны діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға сотталған.

Серіктес жаңалықтары