×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Келесі аптадан бастап 55 мыңнан астам алматылық банк қызметтерін пайдалана алмайды

25.09.2023, 12:27
Келесі аптадан бастап 55 мыңнан астам алматылық банк қызметтерін пайдалана алмайды
фото: ашық дереккөзден

2 қазан күні 2022 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. 55 мыңнан астам алматылық өз міндеттемелерін әлі орындаған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінен атап өткендей, төлем мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалды. Осыған қарамастан 55 644 тұрғын жалпы сомасы 735 млн теңгеге салық төлемеген.

«Төленбеген салықтың негізгі сомасы Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі, сомасы – 315 млн теңге. Төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлемеген тұлғаларға салық заңнамасының нормаларына сәйкес банктік қызметтер қолжетімсіз болады. Оның ішінде банктік шот ашу, аударымдар жасау, несие рәсімдеу және тағы басқалары бар. Бұл Салық кодексінде қарастырылған», - делінген департамент хабарламасында.

Бұдан бөлек, салық міндеттемесін орындамаған меншік иесіне әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады.

«Сондай-ақ салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салық бұйрықтарын жібереді. Олар борышкерлерге қатысты мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеу шараларын қолданатын болады. Сонымен қатар қарыз сомасының 25 пайызы сот шығындарына ұсталады», - деп мәлім етті ведомство.