×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың қысқаруы нарықтық ипотекаға сұранысты өсірді

25.09.2023, 14:11
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары Қазақстанның ипотекалық нарығының биылғы жеті айдағы жай-күйіне шолу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшылардың деректері бойынша, ипотекалық нарықта Отбасы банкінің жеңілдікті бағдарламалары бойынша мөлшерлемелердің өсуі және оларды беру шарттарының өзгеруі, сондай-ақ 2023 жылға арналған "7-20-25" бюджетінің 100 млрд теңгеге дейін (әр тоқсанға 25 млрд теңгеден) шектелуі аясында жаңа қарыздар берудің күрт төмендеуі байқалады.

Қаңтар-шілде айларында берілген жаңа ипотекалық қарыздар сомасы 850 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас көрсеткіштен 19,3%-ға немесе 205 млрд теңгеге аз (1,1 трлн теңге). Ал ЕДБ нарықтық бағдарламаларының үлесі 2022 жылғы 9%-дық көрсеткіштен  25%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар жаңа қарыздар берудегі "7-20-25" жеңілдікті бағдарламасының үлесі екінші тоқсанда бірінші тоқсандағы 9,4%-дық және 2022 жылғы 21,5%-ға дейінгі көрсеткіштен күрт төмендеп, 5,7%-ға дейін құлдырады.

"Қаржылық жағдайлардың біршама қатаңдауына қарамастан, нарықтағы нақты мөлшерлемелер әлі де  минуста қалып отыр ("7-20-25" бойынша -7% ; нарық бойынша -3,2%), бұл мемлекеттік бағдарламаларға деген қызығушылықты арттырады", – деп атап өтті сарапшылар.

Сонымен қатар сарапшылардың пікірінше, "сұр аймақтан" шығаруды қажет ететін баспана жалдау  нарығында өсу қарқыны сақталып отыр.

Серіктес жаңалықтары