×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Белсенді Марат Жыланбаевтың ісі прокуратураға берілді

25.09.2023, 15:47
әлеуметтік желіден

Қоғам белсендісі Бақытжан Төреғожина тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" оппозициялық партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаевқа қатысты қылмыстық істің жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, белсендіге қатысты қылмыстық іс прокуратураға берілген.

"Бұл жақын арада сот тыңдаулары болатынын білдіреді. Астанадан сот бақылаушысын іздейміз", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда сот тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" оппозициялық партиясының 60 жастағы төрағасына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген болатын.

Астана ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасы белсендінің Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының (Еуропарламент бұл ұйымды бейбіт оппозицияға жатқызады) ұйымдастырушылары мен қатысушыларының әлеуметтік желісінің чатына мүше екенін анықтады.

Белсенді тергеу органдарының тұжырымдарымен үзілді-кесілді келіспейді.

Мамыр айының басында Жыланбаев 20 тәулікке қамауға алынды

Тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" бір жылға жуық уақыт бойы биліктен ресми тіркеу рәсімін бастауға рұқсат алуға тырысып келеді.

2023 жылдың ақпанында Жыланбаев депутаттыққа ұсынылды, бірақ кейінірек сот оған "мерзімінен бұрын үгіт жүргізгені үшін" айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары