×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шыққалы жатыр деген ақпарат жалған – ҚР СІМ

25.09.2023, 16:06
Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шыққалы жатыр деген ақпарат жалған – ҚР СІМ
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, «бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Армения шығу жөнінде талап беріп жатса, ол өз ісі. Біз сол ұйымның шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Ұйым мүшелерімен екі-үш күн бұрын ғана кездесіп, ұйымның ары қарай дамуын талқыладық», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қазақстандық әріптестерімен ҰҚШҰ-дан бір мезгілде шығу жөнінде консультациялар жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Таратылған ақпаратқа сәйкес, одақтан шығу туралы консультациялар үкімет пен арнайы қызметтердің желісі бойынша жүргізілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келіссөздерді мақұлдағаны, бірақ бейтарап позиция ұстанатыны хабарланды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай диалогтарға қарсы екендігі туралы ақпарат тарады, бұл туралы Кремльге мәлімделген.