×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Министрлік Қарағандыда балалардың жаппай улану себебін әлі анықтамаған

26.09.2023, 11:46
Instagram/pmsu_deti

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың әлі де ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі уақытта бес бала емделіп жатыр. Негізгі диагноз – улы затпен улану бойынша барлық бала сауықты. Балалар оңалту бөлімінде жатыр. Олар 21 күн бойы оңалту курсын алады. Оқиға себебін анықтау бойынша тергеу органдары, оның ішінде прокуратура әлі де тексеру жүргізуде. Тексеру аяқталған жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ажар Ғинияттың сөзінше, медициналық-әлеуметтік орталық қызметкерлері жұмысқа қайта оралған.

«Олар тергеуге шақырылды, сондықтан жұмысы уақытша тоқтатылған еді. Қазір жұмыстарына қайта оралды», - деді министр.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған. Уланған балалардың бірі бірден қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ, Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.

8 тамызда үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балалардың улануына не себеп болғанын айтты.

28 тамызда уланған балалардың тағы бірі көз жұмды

Серіктес жаңалықтары