×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда полиция ғимаратынан қару ұрлағандарға үкім оқылды

26.09.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Талдықорған қалалық соты қаруды ұрлау, заңсыз сатып алу, сақтау фактісі бойынша айыпталған 6 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта 2022 жылы қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні екі ер адам полиция департаментінің ғимаратынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлап, кейін олардың бірі өзінің екі танысын қару сатуға көндіргені анықталған. Таныстары қару мен оның керек-жарақтарын сатып алатын екі адамды тапқан. Сот процеске қатысты сотталушылардың атын атамайды. Есімдерінің бас әрпін ғана көрсетеді.

«Биыл 18 қаңтарда екі сотталушы сатып алушымен кездесіп, оған 1 млн теңгеге 2 автомат пен патрондары бар карабин сатып алуды ұсынған. Сол күні кешке оларды полиция ұстады», - делінген сот мәліметінде.

Сотталушылар өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Алты айыпталушының әрқайсысына 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, Алматыда 14 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды. Іс бойынша 42 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты немесе ұйымдастырды деген айып тағылған. 

Серіктес жаңалықтары