×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Жоғары лауазымды шенеуніктің көмекшісі" алматылықтардың ақшасын жымқырған

27.09.2023, 09:21
"Жоғары лауазымды шенеуніктің көмекшісі" алматылықтардың ақшасын жымқырған
фото: ашық дереккөзден

Алматыда 1986 жылы туған қала тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін ұсынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, оған қатысты қылмыстық істі ведомствоның Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр. 

Күдікті алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған.

“Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, азамат басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін. Егер Сіз немесе Сіздің таныстарыңыз күдіктінің әрекетінен зардап шегіп, сондай-ақ тергеу амалдарына пайдалы ақпаратқа ие болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын өзін фискалды орган қызметкері ретінде таныстырып, Астана кәсіпкерлерінен сыйақы талап етіп келген алаяқ ұсталған.