×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Импорт өсті, отандық өндіріс азайды: Қазақстанда қант қымбаттай ма

27.09.2023, 16:04
фото: ашық дереккөзден

Бұл сұрақққа Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, елімізде жыл басынан бері қант бағасы 11% арзандаған.

«Қант тапшылығы жоқ және болмайды. Әрине, былтыр тапшылық туды. Осыған байланысты қант зауыттарын қолдау бағдарламасы қабылданды. Бүгінде 4 зауыт 70 мың тоннаға жуық өнім өндірді. Қанттың қымбаттауына негіз жоқ», - деп жауап берді Арман Шаққалиев.

Министр ел нарығына қанттың Ресейден де әкелінетінін атап өтті. Айтуынша, бұл елдегі қант қорында тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресей импортының өсуіне байланыста Қазақстанда қант өндірісі 79% азайғаны хабарланған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 9,3 мың тонна қант өндірілген. Шілдемен салыстырғанда бұл 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға аз. 

Ал 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда өндіріс 79,1% немесе 35,2 мың тоннаға құлдыраған.

Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының пікірінше, бұл маусымдық құлдырау болуы мүмкін.

Десе де, елімізге қант импорты өсуде. Жеті айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 322,6 мың тоннаны (+18,7% немесе 50,8 мың тонна) құрады. Әсіресе, Ресей қант тасымалын үш есеге жуық, 180,5 мың тоннаға дейін арттырды.

Серіктес жаңалықтары