×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қарағанды жарықсыз қалды: ЖЭО-3-те ірі апат болды

28.09.2023, 11:29
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда қорғаныс тетігінің іске қосылуынан ЖЭО-3-те технологиялық апат болды, салдарынан 220 кВ-тық ашық тарату құрылғысы тоқтап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала тұрғындарының басым бөлігі жарықсыз қалды. Нақты қанша абонент электр энергиясынан ажырап қалғаны белгісіз. 

«Апаттың себебі мен мән-жағдай анықталып жатыр, сондай-ақ жарықсыз қалған абоненттер саны да нақтылануда», - деп мәлім етті қала әкімдігі.

Айта кетейік, 12 тамызда МАЭК-те кезекті апат болды. Салдарынан үшінші энергоблок өшіп қалды. Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары жарықсыз қалды. 

Одан бұрын 3 шілдеде МАЭК-те №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы да тоқтады. 

Серіктес жаңалықтары