×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Елімізде ақылы жолдар тарифі өседі

28.09.2023, 16:34
uralskweek.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде ақылы жолдар жүйесіне қатысты өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Қорғастан Алматыға, содан кейін Қызылордаға дейінгі жол учаскелері әрқашан ақылы болғанын атап өтті. Сондай-ақ Астанадан Щучинск, Қарағанды және Павлодарға дейінгі жолды мысалға келтірді.

«Бұл учаскелер бұрыннан ақылы болатын. Не өзгереді? Жол ақысын 20%-ға көтеріп жатырмыз. 10 жылдан астам жол ақысы, яғни тариф өзгерген жоқ. Біз жиі жолда жүретіндерге айлық абонемент ұсынамыз. Жол сұранысқа ие, демек баға жолаушылар үшін арзанға түседі деген сөз. Бұл қазір қолданыстағы 2300 шақырым ақылы жолға қатысты әңгіме», - деді Марат Қарабаев.

Министр бұдан бөлек, екінші санаттағы, яғни 4 жолақты емес, 2 жолақты жолдарды ақылы ету жоспарланып отырғанын жеткізді. Бірақ жүктемені азайту мақсатында жол тек жүк көліктері үшін ақылы болады.

«Оларға да абонемент әзірлеп жатырмыз. Мақсатымыз – жолды жақсы сапада ұстау, ол қомақты қаржыны талап етеді», - дейді ол.

Еске салайық, 21 шілдеден бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, елімізде автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларына түзетулер енгізілетінін жазғанбыз.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті дайындаған түзетулер бойынша, бұдан былай жолаушылар ақы алу учаскелері үшін тек төлеу орнында (бар болса) ғана емес, жеке шотында қаражат болған жағдайда бақылау аркаларында қажет соманы мемлекеттік тіркеу немесе автокөліктің нөмірі арқылы есептен шығаруды қамтамасыз ете алады.

 

Серіктес жаңалықтары