×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Шындықты айтқаны үшін жазаланды: ақтаулық оқушы мектептің қандай былығын жайып салды

29.09.2023, 09:34
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде  Ақтаудағы №3 мектептің дәретханаларында алғаш рет сұйық сабын мен дәретхана қағазы пайда болғандығы туралы айтқан оқушының видеосы тарады. Жарияланған видео үшін мектеп басшылығы қызға және оның ата-анасына қоқан-лоқы көрсете бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнежазбада ол мұндай "жаһандық" өзгерістер мектепке арнайы комиссияның келуіне байланысты деп болжады. Алайда, жеке пікірін білдіргені үшін жас белсендіге мектеп басшылығы тарапынан қысым көрсетіле бастады. 

Директордың қоқан-лоқысы туралы да ол әлеуметтік желілерде хабарлады және осы видеодан кейін оқу орнының басшылығы ата-анасына айыппұл саламыз деп қорқытқанын, сондай-ақ олардың жұмысындағы түрлі кедергілер жайлы айтты.

Сонымен қатар оқушыға мектеп атынан барлық олимпиадаларға қатысуға тыйым салыныпты.

Білім басқармасындағылар болған оқиға туралы әлі түсініктеме берген жоқ, алайда оларға бұл мәселені зерделеуге тура келеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада оқушының баспалдақтан құлауына байланысты мектеп басшылығының үстінен іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары